Көшербаев сыртқы істер вице-министрі қызметіне тағайындалды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Президенттің өкімімен сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары ауысты

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Бұған дейін СІМ жауапты хатшысы болып жұмыс істеген Ермек Көшербаев Қазақстан сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда президент әкімшілігінде, үкіметте, сыртқы істер министрлігінде, «Нұр Отан» партиясында, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. 

Көшербаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы вице-министрі, ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болып істеген. 2017 жылдың мамырынан 2019 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан СІМ жауапты хатшысы лауазымында болды.  

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/