Көшедегі аяусыз төбелес: Желіде таралған кезекті видео елді дүрліктірді (ВИДЕО)
Желіде жас жігіттердің көшенің қақ ортасында аяусыз төбелесіп жатқаны бейнеленген кезекті видео тарады. Ішкі істер министрлігі аталған бейнежазбаны тексеріп, оның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеді деді хабарлайды NUR.KZ.
Министрліктің айтуынша, видео бір жыл бұрын Өзбекстанның Наманган облысында түсірілген.
Кадрдағылар да осы елдің азаматтары екен.
Сондықтан ведомство бұл роликтің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткізді.
ІІМ желіде жалған ақпарат таратындардың жауапқа тартылатындығын ескертті.
Дереккөз: kaz.nur.kz