Көшеде жатқан көк сөмке шымкенттіктердің зәре-құтын қашырды

0

11 жастағы оқушы қыз сөмкесін ұмытып кетіпті, ішінен үрлейтін шарлар табылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Шымкентте иесіз жатқан сөмкенің кесірінен екі орталық көше қоршауға алынды. Күдікті сөмке туралы полицияға тұрғындар хабар берген, деп жазады «Отырар».

Сенбіде қалалықтар Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысында жатқан көк сөмкені байқапты. Шымкенттіктер бірден полицияға хабар береді. Болған жайт қазір ғана белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда ер адам сауда орталығын жарып жібермін деп қорқытты

Сөмке ешқандай қауіп-қатер төндірмеген, ішінде үрлейтін шарлар болыпты. Оны 11 жастағы оқушы қыз тастап кетсе керек, жасөспірім ата-анасымен бірге ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Сәуірде елордада иесіз сөмкеге бола автобус аялдамасы қоршауға алынған болатын. Полицейлер қауіпті ештеңе таппады. Тура сондай оқиға былтыр қыркүйекте де болды. Ол кезде аялдамада қалып қойған пакет күдік туғызды.



sputniknews.kz