Көшеде жалаңаш жүгірген ер адам елдің зәресін алды

Бейнежазба Krispitdk парақшасында пайда болды. Талдықорғанда ер адам көшеде жалаңаш жүгіріп өткен. Кейінірек полиция 39 жастағы жергілікті тұрғынның мас болғанын түсіндірді.
«Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабы («ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай — ақ, ұсталған адамның психикалық жағдайы оның айналасындағыларға төнетін қауіп-қатерін анықтау үшін тексеріледі», — делінген полиция хабарламасында.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz