Көшеде келе жатқан әйелді жер жұтып қойды

0
Көшеде келе жатқан әйелді жер жұтып қойды


Қытайда көшеде келе жатқан келіншек жер астына түсіп кетті.

Оқиға 11 қарашада елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болған. Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнебақылау камерасында жаяужолда келе жатқан әйелдің жер астына түсіп кеткен сәті көрсетілген. Кадрда жаяужол алдымен шөгіп, содан кейін бірнеше метрге төмен опырылып түскені көрінеді. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлері зардап шегушіні шұңқырдан шығарып алды. Дәрігерлер оның қабырғасы сынғанын айтты.