Көршілері полиция шақыртқан: Павлодар облысында коронавирустан көз жұмған науқастың қазасы жайлы не белгілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда коронавирустан көз жұмған науқасты ауруханаға қалай жеткендігі туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ата

1936 жылғы азаматтың бірнеше күннен бері үйінен шықпай, телефон қоңырауына жауап бермегенін байқаған оның көршілері полицияға хабар берді. 

Тәртіп сақшылары зейнеткердің үйіне жоғарғы қабаттан кіруге мәжбүр болыпты. Павлодар облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының міндетін орындаушы Біржан Досмаиловтың айтуынша, қарияның халі өте нашар болған.

Науқастың үйіне келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қарияға орта деңгейлі өкпе қабынуы диагнозын қойыпты. Сол себепті сырқаттанған ер азаматты №1 қалалық аурухананың терапия бөліміне, тек коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырған. Артынша науқас сол жақта көз жұмған. 

«Осы жағдайға байланысты қалалық ауруханада көз жұмған азаматпен байланысқа шыққан медициналық мекеменің қызметкерлері анықталып, бақылауға алынды. Қазір аурухана Павлодардың бас санитарлық дәрігерінің мақұлдауымен карантинге жабылды», — деп мәлімдеді Павлодар облысының тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының міндетін атқарушы Зәмзәгүл Досжанова. 

Енгізілген карантинге байланысты қазір ауруханадан науқастарды үйлеріне жіберуге шектеу қойылған. Сонымен қатар мекемедегі залалсыздандыру шаралары күшейтіліпті. 

Көз жұмған науқаспен 118 адам қарым-қатынаста болған, олардың 50-і ауруханаға жатқызылса, қалған 68-і үй карантиніне алыныпты. 


Алматы қаласында коронавирустан бір науқас көз жұмды: Қаза болғандар саны 9-ға жетті

stan.kz