Көрші елдерде отын мәселесі қалай шешіліп жатыр

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өткен аптада болған басты жаңалық – Ресей мен Беларусь арасындағы газ тасымалы және мұнай транзиті мәселесі бойынша кезекті қарама-қайшылық

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Минск жыл басынан бері біртүрлі позиция ұстанды. Ол қосымша преференцияларға саудаласып, Ресейдің мұнай өндіру секторына қатысы бар салық реформасының нәтижелерін қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Сочидегі кездесу қорытындысы бойынша, жиналып қалған қарама-қайшылықтар толық шешілмесе де, талқыланып, жартылай болсын күн тәртібінен алынып тасталды.

Сол уақытта Польшадан жаңалықтар келеді. Нақтыласақ, вице-премьер-министр Яцек Сасин (Jacek Sasin) Польшаның RFM24 басылымына берген сұқбатында елдің енді Ресейден көмір сатып алмайтынын мәлімдейді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей экспорттағы шикізатқа тәуелділіктен арылып жатыр

Бұндай шешім «Август 80» Польша көміршілер кәсіподағы өкілдері Силезское воеводство қаласындағы «Лазиска» электр стансасына жақын маңдағы теміржол тармағын жауып тастағаннан кейін қабылданды.

Акция ұйымдастырушылары егер мемлекет ресейлік көмірді сатып алудан бас тартпаса, онда 17 ақпанда олар саланың «алдын алу ереуілін» бастаймыз деп ескертті. Ал егер бұл да әсер етпесе, 28 күні кеншілер астанаға барып, сеймге маршпен барады деді.

Тағы оқыңыз: Елімізде көмір қанша тұрады

Қалыптасқан жағдайдың алғышарттарын түсіну үшін жалпы Польша энергетикасының құрылымын және оның көмірмен өзара байланысын түсіну керек. Толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.



sputniknews.kz