Коронавиурс жайлы кез келген адам білуі тиіс фактілер
Алматы әкімдігі коронавирус жайлы кез келген адам білуі тиіс фактілерді атап өтті.
Коронавирустық инфекция деген не?
• Коронавирус — 2019-nCoV атты вирустық инфекцияның жаңа типі.
• Жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруларын тудырады, бірақ пневмония түріндегі асқынуларға, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін
• Иммунитеті төмен адамдарда кездеседі
• Вирустың өзі организмнің сыртында ұзақ өмір сүре алмай, бірнеше күннен кейін өледі.
• Инкубациялық кезең — 2-ден 14 күнге дейін.
• Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылы пайда болды
• Вирус өзге елдерге саяхат пен жол жүру кезінде өтеді
• Вирус өте лезде тарайды
• 27 елде 20 630 адам зардап шегіп, 492 адам қаза тапты
• Зардап шеккендердің басым бөлігі Қытайда қаза тапты
• ҚХР-де 5974 жағдай тіркелді
• Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланды. Тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған
• Әуе рейстері мен автобустардың, пойыздардың кіріп-шығуы тоқтатылды
Коронавирустың белгілері:
• дене қызуының жоғарылауы;
• тұмау;
• бас ауруы;
• жөтел;
• тамақтағы қыжыл;
• әлсіздену;
• іш өту.
Диагностика:
Специфическая диагностика на коронавирус проводится только по медицинским показаниям. На сегодняшний день в Казахстане используют новые тест-системы, которые выдают результаты в течение 2 часов. Бұл ішін келесі дүниені жасау керек:
• қан талдауы;
• несепті талдау;
• зертханалық зерттеулер;
• ПТК.
Инфекцияның таралу жолдары:
• көбінесе ауру жұққан адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы басқаға өтеді;
• қол алысу, жанасу арқылы таралады.
Алдын алу шаралары:
• қол мен тыныс алу органдарының гигенасын сақтау. Қолды 20 секунд бойы сабынмен жуу.
• изотониялық ерітіндімен мұрынды шаю;
• иммунитетті жоғарылату: сау ұйқы, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу; бөлмені желдетіп тұру;
• жиі қолданылатын заттарды дезинфекциялау;
• катаралды құбылыстар анықталған адамдармен араласпай тұру;
• коронавирус тіркелген елдерге уақытша саяхаттамау;
• адамдар көп жиналған жерге бармау.