Коронавирустың таралуын төмендететін ауа ылғалдылығының деңгейі анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Халықаралық зерттеушілер тобы коронавирустың берілуін бәсеңдететін ауаның ылғалдылық деңгейін анықтады. Бұл туралы Annual Review of Virology және Йель университетінің сайтында жарияланған жұмыста көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауа

Ғылыми жарияланымның авторлары (Йель медицина мектебі мен Цюрих университетінің ғалымдары) пандемияны жеңу мүмкіндігіне дер кезінде енгізілген карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықтар ғана емес, сонымен қатар ғимараттардағы, пәтерлердегі және басқа да үй-жайлардағы микроклимат та, дәлірек айтқанда салыстырмалы ылғалдылық да әсер ететінін айтады.

«Өміріміздің 99 пайызын біз бір-бірімізге жақын жерде, тар ғимаратта өткіземіз. Бұрын біз айтпаған нәрсе, бұл — үйдегі және ашық ауадағы температура мен ылғалдылықтың  арақатынасы және вирустың әуе жолымен берілуі туралы», — дейді иммунобиолог және зерттеудің аға авторы Акико Ивасаки. 

Ғалымдардың пікірінше, қысқы климат вирустарды үш есе қауіпті етеді: аз мөлшерде ылғалдығы бар сыртқы ауаның салқындауы бөлмеде қызған кезде, салыстырмалы ылғалдылық шамамен 20 пайызға дейін төмендейді және вирустың бөлшектері таралуға жол ашады. Сонымен қатар,  адамның иммундық жүйесінің патогендерге жауап беру қабілеті құрғақ ауада бәсеңдейді.

Өз дәлелдерін растау үшін жұмыс авторлары кеміргіштерге зерттеу жүргізді. Ауруды жұқтырған тышқандар ауада вирустық бөлшектерді тордың ішіндегі салыстырмалы ылғалдылық төмен болған жағдайда, сау тышқандарға оңай таратқан.

Салыстырмалы ылғалдылығы 40-тан 60 пайызға дейінгі ортада тәжірибе жасаушылар вирустарды басқаларға беруге анағұрлым төмен (айтарлықтай) қабілетін көрсетті. Бұл ретте, салыстырмалы ылғалдылығы жоғары бөлмеде респираторлық вирус таралу үшін қолайлы жағдайға ие болып, беткейлерде жиірек таралды.

Дегенмен, жұмыс авторлары алынған нәтижелер ыстық елдердің тұрғындарына босаңсуға және ауаны дезинфекциялау және жеке гигиена маңыздылығы туралы ұмытуға болатынын, сондай-ақ коронавирустың жұқтырғандармен тығыз байланыс арқылы беріледі дегенді білдірмейтінін атап өтті. Алайда, үйлерде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 50 пайыз деңгейінде ұстап тұру ұсынылады.

stan.kz