Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді

0

Сауда-саттық Қазақстанда 31,9% -ке немесе 4,3 миллиард долларға, Беларусьта 29% немесе 10,3 миллиард долларға дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) коронавирус пандемиясы салдарынан қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты 2020 жылы ЕАЭО елдерінің өзара саудасы өткен жылмен салыстырғанда 24,1% -ке төмендейді деп болжап отыр.  

ЕЭК мәліметінше, 2019 жылы ЕАЭО-да өзара сауда көлемі 61,03 миллиард доллар болған, болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 46,3 миллиардқа дейін төмендейді.  

Сауда-саттық Қазақстанда 31,9% -ке немесе 4,3 миллиард долларға, Беларусьта 29% немесе 10,3 миллиард долларға дейін төмендейді. Ал Арменияда бұл көрсеткіш 22,7% немесе 0,6 миллиард доллар болмақ.

Ресейдің ЕАЭО елдерімен сауда көлемі 21,3% -ке немесе 30,5 миллиард долларға дейін, Қырғызстанда  8,1% -ке немесе  0,6 миллиард  долларға дейін қысқарады.



sputniknews.kz