Коронавирустың екінші толқыны желтоқсанда басталуы мүмкін

0

Елімізді наурыздан бері әуре-сарсаңға салған коронавирустың екінші толқыны шамамен желтоқсанда  басталуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осмындай болжам жасап отыр. Орталық директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, қыркүйек пен қазанда тыныш болады. Ал қараша айында алғашқы белгілер көрінуі мүмкін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дегенмен, ғалымның ойынша ғалым  жұрт бетперде киіп, арақашықтық сақтап, санитарлық нормаларды бұлжытпай орындаса, коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. «Қазақстан маусым-шілде айларында бұл індеттің шарықтау шегінен өтті. Бұл алғашқы әрі негізгі толқын болды. Осы уақыт ішініде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі біраз тәжірибе жинады. Сондықтан вирустың екінші толқыны қатты қарқын алмайды» дейді маман.