Коронавирусты жұқтырған жаңа науқастар Алматыға Еуропадан ұшып келген — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирусты жұқтырғандардың бірі Алматыға Стамбулдан 15 наурызда келген. Алғашқы сынамалар теріс болғанымен, екінші мәрте жасалған тест одан КВИ-ді тапқан. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды. 

Коронавирусты жаңадан жұқтырғандар Алматыға Минск пен Мәскеуден келген. Бұл туралы брифингте Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

«26 наурызда Минск-Алматы рейсімен келген жолаушылардың төртеуінен коронавирус табылды. Тағы да екі азамат сол күні Мәскеу-Алматы рейсі арқылы келді. КВИ-ді жұқтырғандардың бірі Алматыға 15 наурызда Стамбулдан келді. Ол 18 наурызда науқастармен байланыста болған азамат ретінде оқшауландырылған болатын. Алғаш жасалған сараптама кезінде нәтижесі теріс болған, қайта жасағанда оң болды. Барлық уақыт ішінде ол оқшауландырылған болатын», — дейді Әбілдаев. 

Сондай-ақ Алматыда коронавирустан қайтыс болған әйелмен қарым-қатынаста болға 6 адам анықталды. Ведомство жетекшісінің айтуынша, 45 науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық деп бағалануда. Аппаратқа қосылған әйелдің жағдайы әлі ауыр. КВИ-ді жұқтырған нәрестенің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр, жақсару белгілері бар деп бағалауда. 

26 наурызда, бейсенбі күні бір науқас жазылып, үйіне шығарылды. 14 күн ішінде ол аудандық емхана дәрігерлерінің бақылауында болады. 

 

 

stan.kz