Коронавирусты жемқорлықтың кесірінен жеңе алмай отырмыз – Алик Шпекбаев

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» компаниясының жаңа басшысына барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жоюды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев биылғы жартыжылдық жұмысын қорытындылаған агенттік жиынында: «Әлеуметтік желілерді мұқият бақылайтын кез келген адам коронавируске байланысты жағдайдың күрделенуінің басты себебінің бірі – сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық деп санайды және менімен келіседі. Бұл – өте орынды, әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде мұндай пікірдің болуы орынды», – деді.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, «СҚ-Фармация» жемқорлықтың алдын алуға қатысты талдау жұмыстарын жүргізуі қажет.

«Қазіргі уақытта «СҚ-Фармация» сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел талдау жүргізуі қажет. Бұл талдаудың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне тікелей байланысты. Бұған біз ғана емес, бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығы да мүдделі. «СҚ-Фармация» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін», – деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз