«Коронавирусты жасап шығарған адамның» кім екені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, америкалық миллиардер Билл Гейтс «коронавирус жасап шығарған адам» ретінде айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Билл Гейтс

Бұл туралы The New York Times басылымында айтылған. 

2015 жылы Microsoft ұйымының басшысы алдағы уақытта адамдарға төнетін үлкен қауіп ядролық соғыстан емес, қатерлі вирустан келетінін мәлімдепті. Қазір оның бұл сөздеріне күдікпен қарайтындар да табылған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары 64 жастағы миллиардерді «COVID-19-ды жасап шығарушы» деп жаппай айыптауда. Ол ауруға қарсы вакцинада көп ақша табу үшін жұқпалы инфекцияны қасақана ойлап тауыпты-мыс. Сонымен қатар Билл Гейтс осылайша әлемнің осал әрі ауыршаң тұрғындарын азайтпақшы болған деген пікірлер де кездеседі екен.  

Аталмыш айыптаулар танымал кәсіпкер Трампты сынға алғаннан кейін ілініпті. Өз сөзінде Гейтс АҚШ басшысы Дональд Трамптың ДДСҰ-ны қаржыландырудан бас тартуын айтып қатты сөгіпті. Сондай-ақ миллиардер мемлекеттің коронавирусқа қатысты шараларының дәрменсіздігін ашып айтыпты. 

Қазіргі таңда Билл Гейтс басына іліккен айыптар туралы сөз қозғаудан бас тартыпты. Bill & Melinda Gates Foundation атты Гейтс құрған қайырымдылық қорының жетекшісі Марк Сузман қиын кезеңде жалған ақпарат таратып жүрген адамдардың бұл әрекеттерінің дұрыс еместігін айтып, АҚШ тұрғындарын індетке қарсы күш жұмылдыруға шақырды. 

 

stan.kz