Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр жаңа қызметіне кірісті

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделді. 19 мамырда оның аурудан айыққаны хабарланды

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Камалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны 22 сәуірде белгілі болды. Дәл сол күні ол Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі тиіс еді.

Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделді. 19 мамырда оның аурудан айыққаны хабарланды.

Камалжан Надыровтың қызмет жолы

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О.Жарбосынов атындағы «Урология ғылыми орталығы» бас директорының орынбасары болып бастады.

2014 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Республикалық диагностикалық орталық» («University Medical Center») директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы наурызда денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау вице-министрі не себепті қызметінен кеткені белгілі болды



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз