Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды: 25 адам індетті жұқтырды
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті. 5 адам қайтыс болып, 36 адам емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ індетті жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi.
«Қызылорда облысында — 2 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 14 адам, Шымкент қаласында — 1 адам, Қарағанды облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Алматы облысында — 1 адам, Жамбыл облысында — 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам», — делінген хабарламада.
Осылайша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті.
sputniknews.kz