Home Жаңалықтар «Коронавирустан қайтыс болғандарды соямыз»: КВИ-дан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінің қалай жасалып жатыр?

«Коронавирустан қайтыс болғандарды соямыз»: КВИ-дан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінің қалай жасалып жатыр?

0
2656
Коронавирустан қайтыс болғандар елде үш-төрт есеге көбейді. Тек соңғы бір тәуліктің өзінде 155 науқас аурухана төсегінде жатып көз жұмған. Дәрігерлерді, әсіресе науқастардың тым «жасарып» бара жатқаны алаңдатып отыр. Марқұмдардың арасында қазір қырыққа да толмаған жастар көп. КВИ-дан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінің қалай жасалып жатыр?

Дәрігерлер халықты жаппай вакцинациялауға шақырады. Айтуларынша, індеттен көз жұмғандар осы айда ғана 3-4 есеге көбейген.

Дәрігер Азамат Бейсеновтің мәйітханада коронавирустың марқұмның ағзасына қалай жұғып, қалай тарағанын анықтайды.

“Коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдар «жасарып» бара жатыр. Соның өзін көргеннің өзі денеңді түршіктіретін жағдай Ашып қарағанда, бірінші өкпесіндегі өзгерісті көреміз. Ауаға толы болып тұратын өкпе қатайып қалады. Жаны қиналып кеткен адамдар келеді бізге. Өзіміз бір минут демалмай отыра алмаймыз ғой, олар аурумен дем жетпей жатады қиналып, бәрі де жантүршіктіретін жағдай”, – дейді патологоанатом Азамат Бейсенов.

Соңғы айдағы жағдай Асхат Қостаевты да шошындырған. Көр қазатын жігіт зираттың жастарға толғанын айтады.

«Күндіз ғана емес, түнде де қолдан күрек түспейтін болды. Үлгермей қалатын кездер де болады. Қазір орта есеппен күніне 4-5 адам жерлеп жатырмыз, ковидпен ауырған. Алып келеді осында, жерленетін жердің астына хлормен хлорланады, сосын түсіріліп көміледі. 47:11 Вакцинаны біз енді өзіміз үшін сақтық шаралары ретінде қабылдадық. Өйткені, көбінесе аурудан қайтыс болған кісілер келеді, сол кісілерден бізге жұғып кетпес үшін өзіміз үшін ғой барлығы», – дейді көр қазушы Асхат Қостаев.

Ал коронавирустан көз жұмғандар көбеймесе, азаяр емес. Бүгін тағы 155 науқас бақилық болды. Бұл кешегіден 30 адамға көп. Туған-туыстың көз жасына күнде куә мәйітхана басшысы халықты жаппай екпе салдыруға шақырды.

“Адамдар вакцина салдырмай жатыр. Мен онымен келіспеймін. Себебі, екпенің қорғаныш әсері дәлелденген. Мысалы, біздің мекемеде 120 қызметкер жұмыс істейді. 100 пайыз екпе салдырды. Біз коронавирустан қайтыс болған мәйіттерді соямыз. Бізде жұқтыру қаупі өте жоғары. Бірақ соған қарамастан, бірде-бір қызметкер ауырған жоқ. Сондықтан халықты кейінге қалдырмай, екпе салдыруға шақырамын”, – дейді Алматы қаласы патологоанатомиялық бюро директорының міндетін атқарушы Ержан Құттығожин.

Ал өлім-жітімнің көбеюіне қарапайым сақтық шараларының сақталмауы себеп. Көпшілік тыйымға қарамастан той-садақаға барады. Аурудың дәл сол көпшілік жерде жұғып жатқанын белгілі вирусолог Жанай Ақанов та айтып отыр.

“Көбіне санитарлық талаптардың сақталмауы себеп. Ешкімнің бетперде кигісі жоқ. Той-томалақ та өтіп жатыр. Оған қоса вакцинаға қарсы шығушылар көбейді. Әсіресе оңтүстік аймақта өршіп тұр. Олар дәрігерлердің жұмысын одан сайын қиындатып жатыр. Өйткені жаңа науқастар күн санап келіп түсуде. Бұлай жалғаса берсе, төсек орын да, дәрі де жетіспейтін болады”, – дейді вирусолог Жанай Ақанов.

Есігінен мәйіт үзілмеген мекеме басшысы күшейе түскен індет жас-кәріні ажыратып жатқан жоқ дейді. Бәрінің өлім себебі бір – оттегі жетіспей тынысы тарылады.