Коронавирустан қайтыс болғандар саны 22 адамға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Алматы қаласында осымен жетінші адам коронавирус індетінен қайтыс болды. Науқас алпыс үш жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы. 

Марқұм 1957 жылы дүниеге келген. Алматы қаласында осымен жетінші адам індеттен көз жұмды. 

Республикада коронавирустан көз жұмғандар саны 22 адамға жетті. 

Сонымен қатар, 24 сəуір сағат 09:30-дағы жағдай бойынша вирус жұқтырған тағы 45 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 5, Алматыда – 8, Шымкентте – 6, Қостанай облысында – 2, Павлодар облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында – 5.

Елімізде барлығы 2334 адамда коронавирус расталды. 

  • Алматы – 764,
  • Нұр-Сұлтан – 433,
  • Қызылорда облысы – 161,
  • Шымкент – 139,
  • Қарағанды облысы – 108,
  • Жамбыл облысы – 98,
  • Батыс Қазақстан облысы – 92,
  • Ақмола облысы – 85,
  • Атырау облысы – 84,
  • Түркістан облысы – 81,
  • Алматы облысы – 69,
  • Павлодар облысы – 62,
  • Ақтөбе облысы – 55,
  • Қостанай облысы – 38,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Маңғыстау облысы – 20,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15.



sputniknews.kz