Коронавирустан пайда тапқан елдер аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

CNBC сауалнамасына қатысқан сарапшылар коронавирус пандемиясынан пайда тапқан үш елді атады: Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Корея. Бұл мемлекеттердің ұлттық валютасы соңғы уақытта инвесторлардың сенімінің өсуі аясында нығая түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

коронавирус

Үш мемлекет те коронавирустың өршуі кезінде басқаларға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. Онда инфекцияның таралуы тоқтады — кем дегенде екінші толқын басталғанға дейін. Бұл оларға ұлттық экономиканы қайта іске қосуға: кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын жаңғыртуға, адамдардың қозғалуына шектеулерді жеңілдетуге көмектесті.

Нәтижесінде инвесторлар ұлттық валютада — Австралия және Жаңа Зеландия долларымен және корей вонымен — шығарылатын жергілікті эмитенттердің акциялары мен облигацияларына белсенді түрде өаражат аудара бастады. Бұл жағдай аталған валюталар бағамының өсуіне алып келді, өйткені активтерді сатып алу үшін алдымен оған сұраныс жасай отырып, номинацияланған валютаны сатып алу қажет.

Әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы індеттің зардаптарын әлі де жеңе алмаған басқа елдердің жағдайында әсер көбірек байқалады, дейді экономистер. Кейде валюта өсімі қисынсыз болып көрінеді және басқа да ілеспе факторларға қайшы келеді. Осылайша, австралиялық доллар сәуір айының соңында елдегі іскерлік ахуалдың жағдайын сипаттайтын PMI индексінің төмендеуіне қарамастан қымбаттады.

Сонымен қатар, сарапшылар барлық үш елде де коронавирус өнеркәсіп салаларының көп бөлігіне әсер етпегенін, билік дер кезінде жауап қайтарып, зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін бюджет шығындарын көбейте алғанын атап өтті.

Бұл ретте күшті валюта әрқашан ел экономикасына пайда әкеле бермейді. Ең алдымен, ол  бұл шығындарды бір валютада көтеретін және тауарды сыртқы нарықта басқаша белгіленген баға бойынша сататын жергілікті экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді екен.

stan.kz