«Коронавирустан көз жұмғандардың» денесі тиелген жүк көлігі қазақстандықтарды шошытты

0

Қазақстандықтарды қара пакеттермен оралған адамның мәйіттерін тиеп алған жүк көлігінің видеосы шошытты. 

«Мәйіттердің» бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үстілеріндегі қара пакеттерді түзеп жауып жатыр. Қазнет қолданушылары бұл видео адамдарды қорқыту үшін түсірілген дейді. Олардың пікірінше, жүк көлігіне тиелгендер COVID-19 құрбандары. Бұл туралы Stopfake.kz басылымы жазды.

Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик ағымдағы жылдың 30 наурызында жарияланған және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылған.

Рэпер Хаскидің «Никогда-нибудь» әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас. Халықты шулатқан видео осы клиптен алынған болып шықты. Видеороликтің COVID-19 пандемиясына қатысы жоқ.

@vasyaivanovdesignСъемки клипа Хаски — Никогда-нибудь #Хаски #рэперхаски #бекстейдж #какснимали #съемки #backstage #рекомендации #хочуврек #рек #хаски

♬ Никогда-нибудь — Хаски