Коронавирустан көз жұмған екінші адам туралы толық мәлімет шықты

0
25

Науқас қант диабеті, инсулинге тәуелділік, артериялық гипертензияға шалдығуы салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайы нашарлаған

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Коронавирустан көз жұмған екінші науқас бірнеше аурумен ауырған, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Науқас ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы ауыр деп бағаланған. Анықталған екі жақты пневмония салдарынан тыныс алудың жеткіліксіздігі белгілері болған.

Сонымен қатар науқас қант диабеті, инсулинге тәуелділік, артериялық гипертензияға шалдығуы салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайы нашарлаған.

«2020 жылдың 22 наурызында науқас реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Диагностика барысында коронавирус инфекциясы табылды», – делінген ақпаратта.

Ол коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ем алған.

«Күн сайын бейінді мамандарды, соның ішінде Астана медицина университеті кафедраларының қызметкерлерін тарта отырып, консилиум өткізілді. Жүргізілген қарқынды емге қарамастан, науқаста полиорган жетіспеушілігі, яғни тыныс алу, жүрек, бүйрек жетіспеушілігінің белгілері өсті», – делінген ақпаратта.

2020 жылдың 31 наурызында сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтады.

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды 

Бүгін 50 жастағы ер адамның қайтыс болғаны хабарланды. Ол 21 наурызда ауруханаға жатқызылған, науқас бір ай бойы ауырған, бірақ дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген.

Науқаспен байланыста болған 31 адам – туыстары мен әріптестері ауруханаға жеткізілді. Тағы 55 адам үй карантиніне жабылды.

Оның отбасының екі мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті. Аурудан екі адам қайтыс болды.



sputniknews.kz