Коронавирустан көз жұмған әйел туралы мәліметтер пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қатыс болған әйел туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлағандай, әйел 64 жаста.

«64 жастағы әйелдің қайтыс болуы коронавирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың ерекше маңыздылығын айтады. Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Ақмола облысының әкімдігі әйел Қосшы ауылында жеке үйде тұрғанын атап өтті.

«Қосшы Ақмола облысына жатады, бірақ Нұр-сұлтан карантиндік аймағында. Оны ауруханға кеше таңертең, 25 наурызда әкелді. Ал 26 наурызда таңғы сағат 8 — де ол өзін өте нашар сезінген. Бір тәулік ауруханада жатып көз жұмды, ол 64 жаста», — деді облыс әкімі Ермек Маржықбаев.

Оның айтуынша, Қосшыға карантин енгізуге асы,ыс жоқ.

«Бүгін қарқынды емге қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туған-туыстарына көңіл айтады. Себебі — жаппай екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис. Пневмонияның себебі-коронавирус. Ақмола облысына қарасты тұрғылықты жері бойынша орналасқан бұл науқас Нұр-сұлтан қаласында орналасқан көп бейінді облыстық ауруханада болды», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

«Географиялық тұрғыдан бұл Нұр-Сұлтанда орын алғанын ескере отырып, аталған аймақ бойынша оқиға тіркелген болатын. Біз сондай-ақ осы жағдайды Ақмола облысына жатқызып, біздің медициналық статистикаға сәйкес келтіреміз. Осыған байланысты ертең брифингте қосымша түсініктемелер беріледі», — делінген сайтта.

stan.kz