Коронавирустан кімдер жиі көз жұматыны айтылды

0

Соңғы мәліметке сәйкес, әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны жүз мың адамға жуық екені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Коронавирустан көз жұмғандардың орташа жасы — 75, минималды жас  — 48 және максималды жас — 89. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Джон Хопкинс университеті мониторингінің соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирусқа шалдыққандардың саны әлемде 98 382 адамға жеткен. 3 383 науқас көз жұмды. 55 418 адам дерттен айықты. 

Коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі Қытайда — 80 552 адам. Оңтүстік Кореяда — 6 284, Италияда — 3 858, Иранда — 3 513.

Diamond Princess круиздік лайнерінде індет жұқтырғандар бөлек есептеледі. Барлығы 696 адам коронавирус жұқтырды, 4 адам қайтыс болды, 40 адам аурудан жазылды.

Өзге елдердегі жағдай: 545 — Германия, 423 — Франция, 360 — Жапония, 282 — Испания, 233 — АҚШ, 119 — Швейцария, 117 — Сингапур, 116 — Ұлыбритания, 105 — Гонконг, 94 — Швеция, 91 — Норвегия, 82 — Нидерланд, 60 — Австралия, 58 — Кувейт, 55 — Бахрейн, 50 — Малайзия, 50 — Бельгия, 47 — Таиланд, 46 — Канада, 44 — Тайвань, 43 — Австрия, 35 — Ирак, 34 — Исландия, 31 — Грекия, 30 — Үндістан, 29 — Біріккен араб әмірліктері, 21 — Сан-Марино, 17 — Алжир, 16 — Оман, 16 — Вьетнам, 16 — Ливан, 16 — Израиль, 13 — Эквадор.

Чехия мен Финляндияда- 12 , Макао, Дания, Хорватияда — 10 , Португалия мен Қатарда — 8, Әзербайжан, Румыния, Ирландия, Беларусь елінде 6 науқастан. 

Тағы оқыңыз: «Шешім қабылдадым»: Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты

Сауд Арабиясы, Пәкістан, Мексика — 5 адамнан, Палестина, Жаңа Зеландия, Ресей, Сенегал, Бразилия, Чили, Грузия — 4 адамнан, Сен-Бартельми, Филиппины, Эстония, Мысыр — 3 адам және  Аргентина, Словения, Босния және Герцеговина, Индонезия, Венгрия, Люксембург, Мароккода 2 адамнан коронавирус жұқтырған. 

Литва, Камбоджа, Солтүстік Македония, Монако, Ауғанстан, Армения, Доминикан елі, Украина, Оңтүстік Африка, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Коста-Рика, Андорра, Гибралтар, Нигерия, Тунис, Бутан, Непал, Джордан, Польша, Латвия, Шри-Ланкада дертке шалдығудың бір фактісі бар.



sputniknews.kz