Коронавирустан екі жүкті әйел көз жұмды

0

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов брифингте Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.

– Өкінішке орай, өңірде ана өлімі бар. Бүгінгі күні-екі ана өлімі коронавируспен байланысты, қазір ана өлімінің тағы бір жағдайы №2 МОБ-да тергелуде. Егер өткен жылы пандемияға қарамастан бізде ана өлімінің үш жағдайы ғана болса, биыл толық емес үш айда екі жағдай тіркелді, бұған қоса тағы біреуі тексеріліп жатыр, – деді Н. Сыздықов.

2020 жылдың желтоқсан айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді: екі жағдай – Көкшетау қаласының №1 емханасында, бір жағдай – «Авиценна-Бурабай» ЖШС-де. Олардың ішінде екі жағдай COVID-19 және бір жағдай акушерлік патологиямен – эклампсиямен байланысты болды.

2020 жылы Денсаулығында ақаулығы бар, коронавирус жұқтырған 201 жүкті әйелдерге күнделікті мониторинг және босанғанға дейін олардың бағытын бақылау жүргізілген. Қазіргі таңда жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар 23 жүкті әйел есепте тұр.

– Ана өлімінің негізгі себебі жаңа белгісіз инфекциямен – CОVID-19, медициналық көмекті ұйымдастыру тарапынан кемшіліктермен байланысты: стационар деңгейіндегі жағдайды жете бағаламау, бастапқы кезеңде әлсіз ұйымдастырушылық, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі, – деп толықтырды басқарма басшысы.