Коронавирустан болатын өлімді азайтудың әдісі табылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Бромптон корольдік госпиталінің мамандары коронавирустың өлімін азайтудың жолын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

The Telegraph басылымының жазуынша, дәрігерлер ауыр жағдайдағы науқастардың өкпелерін зерттеп, оларда қан ағынының жоқтығын анықтады, бұл ұсақ қан тамырларында қанның қоюлығын білдіреді. Бұл ретте коронавирустан болатын көптеген өлім ағзадағы оттегінің жетіспеушілігімен бірге жүреді. 

Лондон университеті колледжінің мамандары бұған дейін коронавирустан көз жұмғандардың кейбіреулерінде қан ұйығанын хабарлады. Зерттеушілер дененің әртүрлі бөліктеріндегі қан ұйығыштары тіпті инсульттарға алып келді дейді.

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі таяу арада ауыр жағдайдағы науқастар үшін антикоагулянттарды (қанды еріткіштер) пайдалануды ұсынбақ. Дәрігерлер осылайша көптеген адамның өмірін құтқаруға үміттенеді.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 4,6 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырған, олардың 311 мыңнан астамы көз жұмды.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз