Коронавирустан 182 медицина қызметкері көз жұмды – Бағдат Қожахметов

0

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлеріне 10 млн теңге өтеақы төленеді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды.

«Соңғы шешім қабылданды, қаза болған медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына/жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Осы аптаның соңына дейін ақша өтінім берушінің банктің есепшотына түседі. Қазақстанда коронавирус індетіне басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан өмірден өтті», – деді Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған дәрігердің отбасына тексеру жүргізілместен төлемақы берілуі тиістігін айтқан болатын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз