Коронавирусқа шалдыққандардың бойында жиі байқалатын тағы бір ауру белгісі аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан адамдардың бойында жиі кездесетін тағы бір ауру белгісін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

боль в животе

Ас қорытудың бұзылуы коронавирусқа шалдыққан адамдардың бойында кезде жиі кездеседі. Мұндай тоқтамға екі институттың ғалымдары келіп отыр. Олардың зерттеулері The American Journal of Gastroenterology және Clinical Gastroenterology and Hepatology журналдарында жарық көрді. 

Алғашқы зерттеу Қытайдың Ухань қаласындағы үш ауруханада жасалған. Еске салайық, коронавирустың ошағы дәл осы Ухань болған еді. 18-28 ақпана аралығында мамандар 204 науқасқа бақылау жүргізіпті. Олардың тең жартысы асқазандағы ауырлық пен ас қорыту жүйесі қызметінің бұзылуы туралы айтып шағымданған. Бақылау жүргізілген сырқаттанған адамдардың диарея, анорексия (тәбеттің жоқтығы), құсу және жүрек айну, іш ауыруы секілді симптомдарға тап болғаны анықталыпты. 

Тәжірибе қорытындыларына сәйкес, ас қорыту жүйесінің бұзылуы анықталған науқастардың денесінен коронавирустың айшықты белгілері — тыныс алу жолдарының аурулары (респираторлы) мүлдем көрінбеген. Сол себепті ауруханаға респираторлы симптомдар анықталған науқастар бірінші жеткізіліпті. 

Ғалымдардың пайымдауынша, жағдайы ауыр науқастар алғашқыда респираторлы ауруларға шалдыққан. Сол себепті аурудың бұл белгісі ең маңызды саналып, көбіне дәл осы симптомды жою үшін бар күш салынған. Десек те коронавирусқа шалдыққандардың кейбіреулерінен денесіне респираторлы симптомдар байқалмапты. 

Екінші зерттеуді Нью-Йорктың Икан медициналық мектебінің ғалымдары жариялапты. Сөздерінше, олардың талдаулары созылмалы ас қорыту жүйесінің ауруларына тап болған адамдар үшін аса маңызды. 

Зерттеушілер ішек ауруларына тап болған азаматтарға аса сақ болған жөн деп ескертеді. Айтуларынша, коронавирус, әсіресе, осындай науқастарға ауыр ықпалын тигізеді екен. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 49-ға жеткені айтылған еді. 

stan.kz