Коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау сәби босанды
Дәрігерлер жағдайы нашарлай бастаған әйелді шұғыл босандырды. Нәрестенің дені сау екені хабарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik. Коронавирустың жаңа 2019-nCoV түріне шалдыққан Қытайдың Харбина қаласының тұрғыны өмірге дені сау сәби әкелді, деп хабарлайды РИА Новости қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Әйел жүктілігінің 38-ші аптасында болған. Оның жағдайы күрт нашарлай бастаған. Дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Дүниеге келген қыздың салмағы 3,05 келі, сараптама қорытындысы нәрестенің дені сау екенін көрсетті. Анасының да жағдайы тұрақты.
Қытайда қауіпті вирус таралды
Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлады. Мамандар ауру 2019-nCoV коронавирусынан пайда болғанын анықтады.
Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 17,2 мың адамнан асты, 361 науқас қаза тапты. Тағы шамамен 150 азамат Қытайдан тыс жерде ауырып қалды, олардың біреуі көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің таралуын халықаралық маңызды төтенше жағдай деп жариялады.
Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары жоқ. Республика Қытаймен әуе және теміржол қатынасын уақытша тоқтатты.
sputniknews.kz