Коронавирусқа қатысты ақпан айынан бастап 800 адам ауруханадан шығарылған — Қазақстан жаңалықтары

0

 Коронавирусқа қатысты ақпан айынан бастап 800 адам ауруханадан шығарылған. Бұл туралы 2020 жылдың 15 наурызында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясында айтты.

«Алматыда тағы екі науқас анықталды. Жеке гигенаға қатысты барлық заттар бар. Ақпан айынан бастап 800 адам ауруханадан шығарылған»,- дейді ол.

Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, өзінде коронавирус барына күдіктенген адам келесідей жолдармен анықтайды: 

— Жедел жәрдемге хабарласып, сұрақ-жауап негізінде өзіндегі аурудың белгілерін анықтайды;

— Егер белгілер сәйкес келсе, ол адамның шетелден келіп-келмегені сұралады, қандай елдер категориясына жататыны анықталады;

— Осыдан соң, жедел жәрдем науқастың үйіне жөнелтіледі. 

Сондай-ақ, Тілеухан Әбілдаев кезекшіліктен шыққан дәрігердің әрекеті жайлы да жауап бере өтті.

Коронавирусқа қарсы жұмыстарға 1300 қызметерлді жұмылдыруға даярмыз. Кезекшіліктен шыққан дәрігерлер мен медицияналық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын ұстанады, туыстары мен достарымен кездесуден, қоғамдық орындарға барудан шектелуі тиіс.  

Айтуынша, Төтенше жағдай жариялануға байланысты, ауруханалардағы орындар саны үш мыңға дейін көбейеді. 

 

 

stan.kz