Коронавирусқа қарсы вакцина дайын болатын уақыт аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жаппай қолдану үшін бір жарым жылдан кейін дайын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Американың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучидің айтуынша, алдымен вакцинаны адамдарға сынап көреді.

Вакцинаны сынаудың бірінші кезеңі үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде — «жүздеген, тіпті мыңдаған адамға» сыналады.

«Тіпті, бәрі зымыран жылдамдығымен жасалса да, ол 6-8 айды алады. Сондықтан, егер біз вакцинаның қол жетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл — бір жарым жыл», — деді Энтони Фаучи. 

Бұған дейін Қытай билігі өлімге әкелетін коронавирусқа қарсы вакцина жасағаны туралы жариялағаны хабарланған. Кейіннен қытайлық дәрігерлер 2019-nCov коронавирусты пневмонияны емдеудің тиімді әдісін ойлап тапқан.

stan.kz