Коронавирусқа қарсы иммунитет қандай жағдайда түзіледі — Қазақстан жаңалықтары
Ресейдің федералды тұтынушылардың құқғын қорғау федаралды қызметінің маманы Анна Попова коронавирустан жазылып шыққандардың бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болатынын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі кездегі зерттеулер ауруға шалдығып, емделіп шыққандардың ағзасында коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болатындығын көрсетіп отыр», — дейді Попова.
Оның сөзінше, ауырғандардың қанында M және G иммуноглобулин түзіледі екен. Өз кезігінде бұл фермент коронавирусқа шалдығудан сақтайды.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 80-ге жеткендігі жайлы айтылған еді. Олардың екеуі аурудан айығып шығыпты.
stan.kz