Коронавирусқа қай қан тобы көп шалдығады?

0
256

ІІ қан тобындағы адамдарға коронавирус тез жұғады. Бұл туралы қытай ғалымдары айтты. Зерттеуді жариялаған – Medrxiv медицина орталығы.

Қытай ғалымдары «жаңа коронавирус пен қан тобының арасында қандай да бір байланыс бар ма?» деген сауалға жауап іздеп, Ухань мен Шэньчжэнь қаласында ауру жұқтырған 2173 адамның талдамасын алып, зерттеу жасаған. Оның ішінде 206 талдама – көз жұмған адамдардың қаны.

Ғалымдар «ауру қанды» зерттемей тұрып, Ухань қаласындағы аурудан таза 3694 адамның қанын алып, оның 33,84 пайызы – І топқа, 32,16 пайызы – ІІ топқа, 24,9 пайызы – ІІІ топқа, қалған 9,1 пайызы – IV топқа жататынын анықтаған.

Ал «Цзиньиньтань» ауруханасында алынған 1775 ауру науқастың (оның ішінде 206-сы көз жұмғандардікі) қанына жасалған талдамадан індет жұқтырғандардың 25,8 пайызы І қан тобының, 37,75 пайызы ІІ қан тобының, 26,42 пайызы ІІІ қан тобының иесі болса, 10,03 пайызы IV қан тобының иесі екені белгілі болды.

Ухань мен Шэньчжэнь қаласындағы ауруханалардан алынған қан топтары да осындай нәтиже көрсетті.

Зерттеу қорытындысына сенсек, COVID-19 коронавирусын жұқтыратындардың көбі – ІІ қан тобындағы адамдар екен. Осы топтағы адамдарға коронавирустың қаупі жоғары басқа қан топтарымен салыстырғанда.

Массагет