Коронавирусқа ең аз шалдығатын адамдар кімдер – Қазақстан жаңалықтары

0
8

Ғалымдар коронавирусқа шалдықпайтын адамдардың категориясын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Зерттеушілердің мәліметіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалар індетті жұқтырғандарыдың тек 2%-ын құрайды екен.

Мамандар 70 мыңға жуық адамдарды бақылауға алыпты. Тәжірибе нәтижесінде COVID-19 коронавирусы жасөспірімдер мен балаларға сирек жұғатыны анықталыпты. Олар ауруға шалдыққандардың ең төменгі пайызын құрайтын көрінеді.

Сарапшылардың ақпаратына сәйкес, жұқпалы инфекция әсіресе қарт адамдар үшін өте қауіпті. Себебі бұл жастағы адамдардың иммундық жүйесі әлсіз екен.

Ресейлік маман Павел Волчков көп жағдайда балалардың аурға шалдықпауы ата-аналардың арқасы дейді. Себебі балалары үшін уайымдаған олар ұл-қыздарының гигиеналық тазалықты сақтап, медициналық мака киіп жүруін жіті қадағалайды. Ал ересектер болса көбіне өздерінің салғырттығы үшін коронавирусқа тап болып жатады.

stan.kz