Коронавирусқа байланысты зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері тартылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қалаларды зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері жұмылдырылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дезинфекция

 

Бұл туралы ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді.

«ҚР қарулы күштерінің жеке құрамы төтенше жағдайды қамтамасыз етуге белсенді қатысуда. Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау және заңды құқықтарын сақтау туралы тапсырма берді. Алдын ала әзірлік қажетті күштер мен құралдарды мобилизациялауға және дайындық күйіне келтіруге мүмкіндік берді. Коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу үшін қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесі арнайы техниканы қолдана отырып территориялар мен нысандарға дезинфекция жасауға кірісті», — дейді вице-министр.

Бұған қоса министр орынбасары әскери медициналық мекемелер азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында тиісті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Бұл үшін дәрігерлік 24 топ құрылды. ҚР денсаулық сақтау министрлігімен байланыс орнатылды. Әскери қызметшілер ішкі істер органдарымен бірлесіп елді мекендер мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы карантинді аумақтарда блок-посттарды күзетуде. Бұл шаралар коронавирустың елімізде таралуының алдын алады. Қарулы күштер қолданатын шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз», — дейді ол.

 

stan.kz