Коронавируспен ауырғандардың арасында — Берлин-Алматы рейсінің жолсерігі бар — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда жаңа коронавирус жұқтырған адам туралы мәліметтер белгілі болды. Ауруды Берлин-Алматы рейсімен ұшып жүрген жолсерік жұқтырған. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирусты жұқтырған жаңа науқастың бірі — Берлин — Алматы чартерлік рейсінің стюардессасы. Ол 12 наурызда ұшып келді және сол күннен бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды», — деді Әбілдаев.

Екінші науқас — 1997 жылы туған ер адам. 19 наурыз күні түнде Париж — Минск — Алматы рейсімен келді. Фармация ауруханасына карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Тағы бір науқас әйел — бұл шет елден келген адамдармен байланыс орнатқан қала тұрғыны, деп қосты денсаулық сақтау басшысы. Әйелде құрғақ жөтел, қалтырау, кеудедегі ауырсыну және құлақтың бітелуі сияқты белгілер болды.

«COVID-19 сынақтары 18 наурызда өткізілді. Кеше оң нәтиже алынды, науқас дереу ауруханада оқшауландыі, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы орташа.

Қазіргі уақытта қаланың уақытша ауруханаларында 696 азамат карантинде, ал 1108 адам үйде карантинінде.

stan.kz