Коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті
Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, жалпы 52 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.
Марат Бекетаев: Коменданттық сағат енгізілмейді, төтенше жағдай жеткілікті
Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.
sputniknews.kz