Коронавирус жұқтырғандардың саны 3079 адамға жетті

0
66

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның төрт өңірінде он алты адам қауіпті індетке шалдыққанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Оқи отырыңыз: Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады 

«Алматы облысында 1, Алматы қаласында 3, Шымкент қаласында 2, Маңғыстау облысында 10 науқас тіркелді», – деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3079 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 612,
  • Алматы қаласында – 927,
  • Шымкент қаласында – 184,
  • Ақмола облысында – 98,
  • Ақтөбе облысында – 65,
  • Алматы облысында – 114,
  • Атырау облысында – 131,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 17,
  • Жамбыл облысында – 113,
  • Батыс Қазақстан облысында – 127,
  • Қарағанды облысында – 139,
  • Қостанай облысында – 45,
  • Қызылорда облысында – 187,
  • Маңғыстау облысында – 44,
  • Павлодар облысында – 122,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
  • Түркістан облысында – 124.

Соңғы мәлімет бойынша 774 адам жазылып шықты, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz