Коронавирус жұқтырғандардың саны 3 мыңға жуықтады

0

Қазақстанның алты өңірінде індетке шалдыққандар көбейді. Науқастардың жалпы саны 2 982 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 32 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Туыстары түсінгісі келмейді»: Өзіне қол салған адамнан вирус табылды

«Атырау облысында 4, Қарағанды облысында 3, Алматы қаласында 16, Павлодар облысында 4, Ақтөбе облысында 4, Қызылорда облысында 1 адам тіркелді», — делінген хабарламада.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 982 адамға жетті:   

  • Нұр-Сұлтан қаласында –599,
  • Алматы қаласында – 909,
  • Шымкент қаласында – 176,
  • Ақмола облысында – 94,
  • Ақтөбе облысында – 61,
  • Алматы облысында – 101,
  • Атырау облысында – 128,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 16,
  • Жамбыл облысында – 108,
  • Батыс Қазақстан облысында – 126,
  • Қарағанды облысында – 136,
  • Қостанай облысында – 43,
  • Қызылорда облысында – 183,
  • Маңғыстау облысында – 31,
  • Павлодар облысында – 120,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
  • Түркістан облысында – 121.

Соңғы мәлімет бойынша 725 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz