Коронавирус жұқтырғандардың саны 3 мыңға жуықтады
Қазақстанның алты өңірінде індетке шалдыққандар көбейді. Науқастардың жалпы саны 2 982 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 32 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«Туыстары түсінгісі келмейді»: Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
«Атырау облысында 4, Қарағанды облысында 3, Алматы қаласында 16, Павлодар облысында 4, Ақтөбе облысында 4, Қызылорда облысында 1 адам тіркелді», — делінген хабарламада.
Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 982 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында –599,
- Алматы қаласында – 909,
- Шымкент қаласында – 176,
- Ақмола облысында – 94,
- Ақтөбе облысында – 61,
- Алматы облысында – 101,
- Атырау облысында – 128,
- Шығыс Қазақстан облысында – 16,
- Жамбыл облысында – 108,
- Батыс Қазақстан облысында – 126,
- Қарағанды облысында – 136,
- Қостанай облысында – 43,
- Қызылорда облысында – 183,
- Маңғыстау облысында – 31,
- Павлодар облысында – 120,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
- Түркістан облысында – 121.
Соңғы мәлімет бойынша 725 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz