Коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

0

Қазақстанда бірден 90 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның 52-сі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді  

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2 950 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Көптеген дәрігер коронавирустың жоғары жұққыштығын жете бағаламады – вице-министр  

28 сәуір сағат 10:50-дегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 90 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 52,
  • Батыс Қазақстан облысында –1,
  • Алматы қаласында – 17,
  • Қарағанды облысында – 1,
  • Маңғыстау облысында – 1,
  • Шымкент қаласында – 1,
  • Түркістан облысында – 6,
  • Павлодар облысында – 6,
  • Алматы облысында – 1,
  • Жамбыл облысында – 2,
  • Атырау облысында – 1,
  • Ақмола облысында – 1.

Осылайша, елімізде инфекция жұқтырғандар саны 2 950 адамға жетті. 725 адам аурудан жазылды, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz