Коронавирус жұқтырғандар саны 2791 адамға жетті
Республиканың төрт өңірінде індетке шалдыққан тағы он бір адам тіркеліп отыр, барлығы 2791 адамда коронавирус анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы он бір адамнан вирус табылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
«27 сəуір сағат 13:30-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам тіркелді, оның ішінде Шымкентте – 4, Түркістан облысында – 2, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 2», -делінген хабарламада.
Осылайша елімізде коронавирус 2791 адамда расталды. 682 адам емделіп шықты, жиырма бесі қайтыс болды.
- Алматы – 848,
- Нұр-Сұлтан – 529,
- Қызылорда облысы – 182,
- Шымкент – 175,
- Қарағанды облысы – 128,
- Батыс Қазақстан облысы – 122,
- Атырау облысы – 123,
- Түркістан облысы – 111,
- Павлодар облысы – 105,
- Жамбыл облысы – 105,
- Алматы облысы – 97,
- Ақмола облысы – 93
- Ақтөбе облысы – 57,
- Қостанай облысы – 43,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Маңғыстау облысы – 27,
- Шығыс Қазақстан облысы – 16.
sputniknews.kz