Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдің құрсағындағы сәбиіне вирус әсер ете ме?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

25 жастағы жүкті әйел күйеуімен бірге 25 наурызда Нью Йорктен Мәскеу арқылы ұшып келген, анализдер нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ індетке шалдыққан жүкті әйелдің құрсағындағы сәбиінің жағдайы туралы айту әлі ерте дейді. Бұл туралы ол онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір ол хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Сәбиінің жағдайы қандай болады деген сұраққа жауап беру өте қиын. Қазір анасының жағдайы қанағаттанарлық, оның емді қалай көтеретінін күту керек. Осыдан кейін анализ алынып, содан кейін бір нәрсе айтуға болады», — деді Ысқақ брифингте.

1995 жылғы жүкті қыз 29 жастағы күйеуімен бірге 25 наурызда Нью Йорктен Мәскеу арқылы ұшып келген.  Келіншек жүктіліктің 21-22 аптасында.

Ерлі-зайыпты бірден үй карантиніне орналастырылып, анализ алынды.

Кейін әйелде құрғақ жөтел байқалып, провизорлық стационарға жатқызылған. 

Күйеуінде коронавирус анықталған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.



sputniknews.kz