Коронавирус жұқтырған жезөкшелер: Маңғыстау полициясы ақпаратқа түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған екі Өзбекстан азаматы — жеңіл жүрісті қыздар екендігі туралы кең тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жезөкше

Бұл туралы Маңғыстау ДП-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Жуырда әлеуметтік желілерде Ақтау қаласының 14-ші ықшамауданындағы №38 үйден пәтер жалдап тұрған және бұрын 11-ші шағын ауданда коронавирус жұқтырған адамдармен байланыс орнатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматы сексуалдық бизнестің өкілдері екендігі туралы ақпарат тарады.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Пандемия аясында жалған ақпарат таратылуы мүмкін, тұрғындар бұған дайын болуы тиіс. Барлық шынайы ақпарат сенімді көздерден берілетінін білу маңызды. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған», — деді ведомствода.

stan.kz