Коронавирус жұқтырған науқастардың терісі емдеудің жанама әсерлеріне байланысты қарайып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайда жаңа типтегі коронавирус жұқтырғаны анықталған екі науқастың терісі емдеудің жанама әсерлеріне байланысты қатты қарайып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Дәрігерлер Йи Фань мен Ху Вэйфэн, екеуі де 42 жаста, қаңтарда Ухань орталық ауруханасында жұмыс істеген кезде COVID-19 жұқтырып алды. 

Йидің жағдайы өте ауыр болғандықтан, дәрігерлер 39 күн бойы оны өмірді қолдау құрылғыларына қосты. 20 сәуірде ол журналистерге сұхбат беріп, өзін әлдеқайда жақсы сезінетінін, бірақ әлі төсектен тұра алмайтынын айтты. Алайда, ауру оның психикалық күйіне қатты әсер еткен — жиі қорқынышты түстер көреді.

Дәрігер Ху өзін нашар сезінеді, ол коронавирус салдарынан 99 күн бойы төсекте таңылып жатыр. Ху журналистермен сөйлесе алмады, алайда емдеуші дәрігерге алғыс ретінде оның қолын қысты.

Науқастардың емдеуші дәрігері оларға берген дәрілердің жанама әсерлеріне байланысты терілері қарайды деп күдіктенеді. Қатты әсер ететін антибиотиктер олардың бауырын зақымдап, ол гормональды теңгерімсіздік тудырған. Дәрігер уақыт өте келе пациенттердің терісі бұрынғы түсіне оралады деп үміттенеді. 

stan.kz