Коронавирус жұқтырған науқас өлімінен кейін қала жабылатын болды

0

Бұған дейін қала билігі Қарағанды облысындағы бес қаламен карантиндік аймақ құруды жоспарлаған болатын. Алайда COVID-19 жұқтырған науқастың өлімінен кейін осындай шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Бейсенбі, 2 сәуірден бастап Теміртау қаласы жабылады. Коронавирус жұқтырған науқастың өлімінен соң қала билігі осындай шешім қабылдады. Ол адам Теміртау қаласында жұмыс істеген болатын. 

Қаланың кіреберісінде үш блок бекет қойылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.

«Үш бекет белгіленді. Олар қалаға кіреберісте Кольцо Металлургов, 4а кварталында – Чкаов елді мекені және Ақтау елді мекеніне кіреберісте (лесхоз) болады», – деді ол.

Қалаға тек медициналық, санитардық, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, коммуналды және апаттық қызмет, жүк тасымалы, инкассаторлар ғана қана кіре алады. Мұндай жағдайда жеке куәлік, қызметтік құжат және жұмыс орнынан алынған анықтама көрсету керек.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз