коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті

0

Ол Covıd-19 кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтты. Тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Галлатин қаласындағы оңалту орталығының медбикесі ауруханада видео түсірді. Ол өзінің жағдайын айтып берді.

Шарека Уильямс Covıd-19 пневмониясы кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтады. 

«Маған ешқашан оқ тиген емес. Алайда мына дерт оқ тигеннен де жаман деп ойлаймын. Өте қатты қиналып жатырмын», — деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Ол коронавирус салдарынан тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді. Медбике адамдарды сақтану шараларына бейжай қарамауға шақырды. 

«Бұл дерт сізге, жақындарыңыз бен отбасыңызға жеткенін күтпеңіз. Сақтаныңыз», — деп жазды ол.

Тағы оқыңыз: Карантинге жабылған үйде қалып қойған ақтаулық үндеу жасады — видео

Әлемде 1 273 990 адамда коронавирус тіркелді. 69 400 адам көз жұмды. Қазақстанда бұл індетке 584 адам шалдығып, алтауы қайтыс болды. 



sputniknews.kz