Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.
Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болғанын айтты. Арасы алты минут.
«Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталды. Олар ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді», — дейді ол.
Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді.
Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.
sputniknews.kz