Коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау вице-министр жаңа қызметіне кірісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустан айыққан денсаулық сақтау вице-министрі Надыров жаңа қызметіне кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау вице-министр жаңа қызметіне кірісті

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған Надыров енді Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ретінде жұмысын жалғастырмақ.

Надыровты жаңа қызметке Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тағайындады.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Надыров коронавируспен ауырған науқастармен тығыз қарым-қатынаста болып, тест талдамалары оң нәтиже көрсеткен болатын. Артынша оның ауыр дерттен жазылып шыққаны белгілі болған. 

stan.kz