Коронавирус және иммунитет: Covid-19-ды қайта жұқтыру мүмкін бе? — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирусты екінші рет жұқтыруға бола ма? Неге кейбір адамдар ауруды басқалардан гөрі ауыр өткереді? Эпидемия әр қыста қайталана ма? Вакцина көмектесе ме? Иммунитет туралы куәлік болса, жұмысқа қайта оралуға бола ма? Вируспен күресудің ұзақ мерзімді стратегиясы бар ма? Иммундық жүйеміз осы жаңа шындықта қандай рөл атқарады? Осындай сұрақтар қазір әлемнің барлық халқын мазалап отыр.

коронавирус

Мұндағы мәселе, коронавирус туралы мәліметтің тым аз болуы.

Коронавирусқа қарсы иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?

Біздің иммундық жүйе — бұл ағзаны инфекциядан қорғау және ол екі бөліктен тұрады.

Бірінші компонент — туа біткен иммунитет.

Ол біздің денеміздегі бөтен элементті таныған бойда ұрысқа кіріседі.  Бұл процесс қабынуды тудыратын химиялық элементтердің, сондай-ақ инфекцияланған жасушаларды жоюға қабілетті ақ қан денелерінің шығарылуына әкеп соғады.

Бірақ коронавирус жағдайында басқа компонент қажет — дайындалған иммунитет, оған екі механизм кіреді.

Біріншісі — вирусқа жабысатын және организмде оның таралуын тежейтін антиденелер шығару мүмкіндігі. Екіншісі — жұқтырған жасушаларды танып, оларға шабуыл жасайтын Т-лимфоциттердің болуы.

Жүре пайда болған иммунитетті белсендіруге уақыт керек — зерттеулерге сәйкес, ағзаға коронавирусқа қарсы антиденелерді шығаруды бастау үшін шамамен 10 күн кетеді, содан кейін ауыр науқастарда күшті иммундық жауап дамиды.

Жұқтырған иммунитеттің инфекциямен соқтығысуы күшті болған сайын, болашақта адамның сол вирусты қайта жұқтырудан қорғалуы ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Қазіргі уақытта ауруды жеңіл түрде және симптомдарсыз жұқтырғандар болашақта сол типтегі инфекцияға қарсы тұру үшін жеткілікті тұрақты механизм жасай ала ма, жоқ па белгісіз.

Иммунитет қанша уақыт сақталады?

Біздің иммундық жүйеміздің есте сақтау қабілеті біздің жадымызға ұқсас:  ол кейбір инфекцияны есте сақтайды, ал басқалары туралы ұмытуы мүмкін.

Қызылша өте жақсы есте қалады, онымен бір рет ауырып, сіз өмір бойы иммунитет аласыз (мұндай әсерді қызылшаға, қызамыққа және шошқа тұмауына жасалған аралас MMR вакцинасын береді).

Дегенмен, иммундық жүйенің жадынан көптеген басқа аурулар шығып кетеді. Мысалы, бір қыста бала HRSV респираторлық-синциталдық вирусымен бірнеше рет ауыруы мүмкін. 

Жаңа Sars-CoV-2 коронавирусы салыстырмалы түрде жақында пайда болды, сондықтан оның иммундық жүйенің жадында қанша уақыт болатыны әлі белгісіз. Алайда, жұғуы мүмкін қалған алты коронавирус болжам жасауға мүмкіндік береді.

Олардың төртеуі әдеттегі суық тиюге ұқсас симптомдар тудырады және біздің жүйе оларды есте сақтамайды: зерттеулер кейбір пациенттер жыл бойы оларды қайта жұқтыратынын көрсетеді.

Алайда, қарапайым суық тию әдетте салыстырмалы түрде жеңіл өтеді.  Дегенмен, ауыр жіті респираторлық синдром (SARS) және Таяу шығыс респираторлық синдромы (MERS) тудыратын тағы екі проблемалық коронавирус бар. Осы аурулармен күресу үшін ағзада өндірілген антиденелер бірнеше жылдан кейін де жоғалмайды.

«Сізде иммунитет пайда бола ма, ол қанша уақыт сақталады — мәселе осында», — дейді Шығыс Англия университетінің медицина профессоры Пол Хантер. — Және бұл өмір бойы сақталмауы мүмкін».

«SARS кезінде антиденелерді зерттеу тәжірибесіне сүйене отырып, иммунитет бір-екі жыл сақталады, бірақ біз бұл туралы әлі білмейтін шығармыз», — деп толықтырды профессор Хантер.

Дегенмен, егер сізде толық иммунитет болмаса да, қайта ауыру соншалықты ауыр түрде өтпеуі мүмкін.

Қайта жұқтыру жағдайлары белгілі ме?

Қысқа уақыт ішінде бірнеше коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы деректер бар.

Кейбіреулер бұл адамдар шын мәнінде коронавирусты екі рет жұқтырды деп санайды. Ал басқаларының пікірінше, бір жұқтырып, вирус ағзада жасырын түрде қалған, бұл оның қайта жандануына әкелген.

Алайда, ғалымдардың көпшілігі барлығы талдауға байланысты деген пікірді ұстанады: пациенттерге вирустың жоқ екендігі туралы қате ақпарат берілуі мүмкін.

Адамдардың ешқайсысына олардың иммунитетінің пайда болуын тексеру үшін қайталап жұқтырмаған. Бірақ маймылдар жұбына жүргізілген зерттеу бар.

Оларға екі рет жұқтырды: алдымен иммундық жауапты шақыру үшін, ал үш аптадан кейін — қайтадан. Тәжірибе өте шектеулі болғанына, жұқтыру аралығының қысқа болғанына қарамастан, екі маймылдан да аурудың ешқандай симптомдары анықталмаған.

Егер антиденелер болса, онда иммунитет бар екенін білдіре ме?

Оған кепілдік беруге болмайды, сондықтан ДДСҰ карантинді алып тастау үшін иммундық паспорттарды енгізген елдерге қатысты қатты алаңдайды.

Бұл жаңашылдық идеясына сәйкес, тестілеу кезінде Covid-19-ға қарсы антиденелері анықталған адамдарға жұмысқа шығуға мүмкіндік беруге болады. Ол, әсіресе, ауыр түрде ауырып қалу қаупі жоғары адамдармен үнемі байланыста болғандарға — қарттар үйінің қызметкерлері және ауруханалардың қызметкерлеріне пайдалы болар еді.

Дегенмен, әрбір адамның қанында антиденелер бар болса да, олардың барлығы бірдей емес. Ол үшін коронавирусқа бекітілген және оған жаңа жасушаларды жұқтыруға кедергі келтіретін бейтараптандыратын антиденелер қажет.

Бірақ Қытайда сауыққан 175 пациентке жүргізілген зерттеу олардың 30%-ында бейтараптандыратын антиденелердің деңгейі төмен екендігін көрсеткен.

Сондықтан, ДДСҰ-ның пікірінше, сауығудың өте маңызды факторы жасушалық деңгейдегі иммунитет те болуы мүмкін.

Тағы бір маңызды жайт, егер сіз өз антиденелеріңіздің қорғауында болсаңыз да, бұл сізді вирусты тасымалдаушы бола алмайды және басқаларға қауіп төндіруі мүмкін емес дегенді білдірмейді.

Неліктен иммунитет маңызды рөл атқарады?

Бұл сіздің денсаулығыңызға және Covid-19-ды қайтадан жұқтыру мүмкіндігіне және оның қаншалықты жиі болатынына байланысты.

Аурудан болатын өлім де иммунитетке байланысты. Егер адамдарда кем дегенде ішінара иммундық қорғаныс пайда болса, ауру соншалықты қауіпті болмайды.

Иммунитет жұмысының принциптерін түсіну карантиндік шараларды алып тастау мәселесін жақсы шешуге көмектеседі, өйткені дәрігерлер жұқтыру қаупі жоқ және инфекцияның тасымалдаушысы бола алмайтын адамдар туралы жақсы түсінікке ие болады.

Егер вирусқа ұзақ мерзімді иммунитет жасау қиын болса, онда оған қарсы вакцина жасау да оңай болмайды. Немесе вакцина басқаша болады: айталық, оны өмір бойыне бір рет ғана емес, жыл сайын тұмау жағдайында қолдану қажет.

Сонымен қатар, ағымдағы ауру мен вакцина жағайында қалыптасқанына қарамастан, иммунитет әрекетінің ұзақтығы бізге осы вирустың таралуын тежей алуымыз немесе алмауымыз туралы түсінуге мүмкін береді.

Өкінішке қарай, әлі де көптеген сұрақтардың жауабы жоқ.

stan.kz