Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті

0
102

Коронавирус Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа өңірлерге таралып жатыр. Енді COVID-19 үш мегаполис пен 5 облыста бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 мар — Sputnik. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы табылды.

Осылайша індетті жұқтырғандардың саны 72 адамға жетті.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.

16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды.

Оқи отырыңыз: Германияда коронавирустан емделген қазақстандық ауруханадан шықты   

Коронавирусқа байланысты 19 наурыздан бастап Қазақстанның екі қаласында – Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізілді. Қалаға кіріп-шығу қашан қалпына келтірілетіні белгісіз.



sputniknews.kz